Өнім сапасын қамтамасыз етудегі фитосанитарлық сараптаманың рөлі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі мен тұрақтылығы тікелей өнім сапасына және фитосанитарлық қауіпсіздік деңгейіне байланысты.
Өсімдік шаруашылығында сапаны қамтамасыз етудің негізгі ғылыми құралдарының бірі – фитосанитарлық сараптама. Ол ауыл
шаруашылығы дақылдарының, тұқымдық материалдың және өсімдік тектес өнімдердің карантиндік объектілерден, зиянкестерден,
фитопатогендерден және арамшөп тұқымдарынан тазалығын анықтауға бағытталған кешенді зерттеу жүйесі болып
табылады.Фитосанитарлық сараптама фитопатология, энтомология, микология және карантиндік биология салаларына сүйенеді.
Зертханалық талдау барысында тұқым мен өнім үлгілері морфологиялық, микроскопиялық, микробиологиялық және молекулалық-
генетикалық әдістер арқылы тексеріледі.
Негізгі зерттеу бағыттары:
• саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарын анықтау;
• бактериялық және вирустық инфекцияларды диагностикалау;
• карантиндік арамшөп тұқымдарының болуын тексеру.
Аталған талдаулардың нәтижесі фитосанитарлық қорытынды беруге және өнімнің қауіпсіздік деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Өсімдік ауруларының едәуір бөлігі тұқым арқылы таралады. Инфекцияланған тұқым себілген жағдайда патогендер егістік алқапта жылдам
таралып, өнімділікті 20–40 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. Фитосанитарлық сараптама осындай қауіптердің алдын алып, ауру ошағын
ерте кезеңде анықтауға жағдай жасайды.Ерте диагностика агротехникалық, биологиялық немесе химиялық қорғау шараларын дер кезінде
қолдануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде экономикалық шығын азайып, өнім сапасы сақталады.Фитосанитарлық сараптама – ауыл
шаруашылығында сапа мен сенімді қамтамасыз етеді. Ол карантиндік объектілердің таралуын болдырмай, өнімділікті арттыруға,
экономикалық тиімділікті сақтауға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Осылайша, ауыл шаруашылығында тұрақты
даму мен жоғары сапалы өнім өндіру фитосанитарлық бақылау талаптарын жүйелі түрде сақтаумен тығыз байланысты.
Амангелді аудандық фитосанитарлық диагностика және болжамдар орталығы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-amangeldi-audany-akimat/press/news/details/1169230?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді