«Мен зерттеушімін» ғылыми-зерттеу

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🌿 «Taza Qazaqstan» тұжырымдамасы аясында облыстық ғылыми-зерттеу конференциясы өтті
2026 жылғы 19 ақпан күні «Мен зерттеушімін» ғылыми-зерттеу конференциясының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапты көзқарасын дамыту және ғылыми-зерттеу жұмысына бейім дарынды оқушыларды қолдау.
Конференция 3 номинация бойынша өткізілді:
🔹 Флора экологиясы
🔹 Фауна экологиясы
🔹 Адам және экология
🏆 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
🥇 І орын (Адам және экология) – Темірханов Ақжүрек, Г.Молдашев атындағы ЖОББМ, 8-сынып, жетекшісі: А.Кажиакпарова
🥈 ІІ орын (Фауна экологиясы) – Даулетова Аружан, Қарасу ЖОББМ, 7-сынып, жетекшісі: С.Даукенова
🎖 Алғыс хат (Флора экологиясы) – Қайрат Гүлсана, А.Хұсайынов атындағы ЖОББМ, 8-сынып, жетекшісі: С.Жетпіс
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы уақытта да ғылыми ізденістеріне табыс, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз! 👏🌱

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1169321?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді