Мойынқұм ауданында Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мойынқұм ауданында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы орайда аудан әкімінің орынбасары М.Төлеулиев бастаған арнайы ақпараттық топ Мойынқұм ауылының тұрғындарымен кездесіп, жаңа Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын кеңінен таныстырды.

Кездесудің басты мақсаты – Конституция жобасында көзделген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнын халыққа жан-жақты түсіндіру, олардың ел дамуы мен қоғамдық өмірдегі маңызын жеткізу, сондай-ақ тұрғындардың пікірін тыңдау болды. Іс-шара барысында жаңа жобада қарастырылған басым бағыттар, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру тетіктері, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мәселелері кеңінен баяндалды.

Сонымен қатар реформалардың негізгі мақсаты – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайту, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру, азаматтардың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту екендігі атап өтілді. Жаңа Конституция жобасының елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталғаны айтылды.

Іс-шараға «Мойынқұм таңы» газетінің бас редакторы Е.Досалы және «Мойынқұм медиа орталығының» директоры А.Қосыбай қатысып, түсіндіру жұмыстарының маңыздылығына тоқталды. Олар Конституциялық реформаларды кеңінен насихаттау – қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтардың белсенділігін күшейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлер назарға алынды. Жиын ашық диалог форматында өтіп, сындарлы пікір алмасу алаңына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1169306?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді