«Денсаулық – қымбат қазына» ақпараттық тренинг

Жарияланды:

Автор:

категорияда

4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай оқушыларға арналған «Денсаулық – қымбат қазына» атты ақпараттық тренинг өткізілді.

Атаулы шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қатерлі ісіктің алдын алу жолдары туралы түсінік беру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Тренинг барысында қатерлі ісіктің пайда болу себептері, оның алдын алу тәсілдері, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, дене белсенділігінің маңызы және уақытылы медициналық тексеруден өтудің қажеттілігі жөнінде кең көлемде ақпарат берілді. Сонымен қатар денсаулықты сақтау – әр адамның басты байлығы екені атап өтілді.

Ақпараттық тренинг тәрбиелік әрі танымдық бағытта өтіп, оқушылардың денсаулыққа деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1169382?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді