Ұстаздармен жүздесу – жауапты шешімге бастар жол

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық және аудандық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Бурыл ауылы орналасқан Бурыл орта мектебі педагогикалық ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді.

Жиын барысында жаңа Конституцияның ел дамуы үшін маңызы, оның қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайтудағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Референдум – әр азаматтың болашаққа деген жауапкершілігін айқындайтын тарихи қадам екені атап өтілді.

Ұстаздар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты. Кездесу соңында коалиция мүшелері педагогтарды алдағы референдумға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1169379?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді