
Астанадағы Азия құрлығы кубогы үшін ұйымдастырылған джиу-джитсу және грэпплингтен халықаралық жарыста Павлодар облысы Полиция департаментінің қызметкері Рустам Күзембаев өзінің спорттық шеберлігін көрсетті.
Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, ТМД елдерінен, Еуропа және Латын Америкасынан барлығы 2000-нан астам спортшы қатысты.
77 кг салмақ дәрежесінде Рустам Күзембаев шыдамдылық пен күрескерлік рухын танытып, алтын және күміс жүлделерге ие болды.
• «Бәсекелестік өте жоғары болды, барлық қарсыластар техникалық тұрғыдан өте мықты болды. Мен бала кезімнен күреспен айналысамын, салауатты өмір салтын ұстанамын. Спорт мінезді, рухты және ерік-жігерді шыңдайтынына сенімдімін. Мұндай спорттық шараларға қатысу өз күшімді тексеруге, спорттық шеберлігімді жетілдіруге мүмкіндік береді. Барлық қатысушылар бірінші минуттардан бастап батыл және белсенді күрес көрсетті. Менде де сондай жігерлілік болды, сондықтан жүлделі орынға ие болу үшін барымды салдым. Қол жеткізген жетістіктерде тоқтап қалмау керек, үнемі даму және үлкен жеңістерге ұмтылу қажет», – дейді спортшы-полицей Рустам Күзембаев.
Айта кететін жайт, Рустам Күзембаев тәжірибелі спортшы, ол «ВЕК ТИМ» Джиу-джитсу және Грэпплинг академиясының бас жаттықтырушысы Заирбек Абылқадыровтан тәлім алады. Оның артында тек республикалық емес, халықаралық турнирлердегі жеңістер де бар.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз және әрдайым мақсаттарына жетіп, биік белестерді бағындыруын тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1169406?lang=kk

Жауап қалдыру