
2025 жылы Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік кірістер органдары қызмет көрсету сапасын арттырып, барлық үдерісті барынша цифрлық форматқа көшіруге басымдық берді.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде (ӨКҚ) өткен брифингте ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш мәлімдеді.
Қазір облыста көрсетілетін 41 мемлекеттік қызметтің 95%-ы электронды форматта қолжетімді. Қызметтердің көпшілігін Электрондық үкімет порталы, Салық төлеушінің кабинеті, e-Salyq Azamat, e-Salyq Business қосымшалары және екінші деңгейлі банктердің мобильді сервистері арқылы алуға болады.
«Жыл қорытындысы бойынша 557 909 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Соның 99,7%-ы электронды түрде ұсынылған. Қағаз жүзіндегі қызметтер саны 30%-ға азайған. Бұл кезек күтуді қысқартып, құжаттарды рәсімдеу мерзімін жеделдетуге мүмкіндік берді», дейді Сайранқан Қабыш.
Сонымен қатар, өірде «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» толық іске қосылды. Жаңа жүйе құжаттарды өңдеу уақытын азайтып, салық төлеушілер мен органдар арасындағы байланысты жеңілдетті.
Дереккөз: ӨКҚ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1169495?lang=kk

Жауап қалдыру