
Бүгін Шахтинск қаласында «Көктем-2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.
Оқу-жаттығу мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің және халықтың көктемгі кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының су тасқыны қаупіне ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.
«Көктем-2026» РКШОЖ өткізу аясында қалада:
– төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті;
– азаматтық қорғау қызметтері мен қалалық ұйымдардың 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы тексерілді;
– азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарын әзірлікке келтіру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды;
– авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілетін аймақтарға өту маршруттары нақтыланды;
– авариялық-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша бірінші кезектегі міндеттер анықталды.
Көктемгі су тасқыны кезінде әрекет ету жылдамдығына, қызметтердің өзара әрекеттестігіне және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Оқу-жаттығуды өткізу тәжірибе жүзінде әрекет алгоритмдерін пысықтауға, барлық қатысып отырған қызметтердің үйлесімділігін арттыруға және су тасқыны кезеңіндегі ықтимал тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1169491?lang=kk

Жауап қалдыру