Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес  сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезекті отыз төртінші сессиясы 2026 жылы 05 наурыз күні сағат 11.00 де  өтеді.

          Кезекті сессияның қарауына мына төмендегі  мәселелер  ұсынылады:

  1. Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығының» атқарып жатқан жұмыстарының барысы туралы.
  2. Аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі» туралы.
  3. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №31/184-VIІI «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Сессияның қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

         Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылдың 05 наурыз күні сағат 09:00-де өткізіледі.

       Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелерге сәйкес, ұсыныс-пікірлер мен жолданымдар болса аудандық мәслихат аппаратына мына сымтетіктер арқылы 6-10-72,   5-95-63  хабарласуға болады.  

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                         Н.Қойбағаров

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1169656?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді