
Астанада 17 жасқа дейінгі (U-17) спортшылар арасында әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатының қорытындысы шығарылды. Қостанай облысының өкілдері үш қола жүлдеге ие болды.
Жарыс жүлдегерлері — Жітіқара ауданынан Дарья Граб (46 кг) пен Ксения Ящук (49 кг) (жаттықтырушысы — С.К. Күлмұхамбетов), сондай-ақ Қамысты ауданынан Виталина Казаку (43 кг) (жаттықтырушысы — Нұрсұлтан Баязитов).
Құрама командаға аға жаттықтырушы Марат Жұмабаев жетекшілік етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/1169848?lang=kk

Жауап қалдыру