Заң және тәртіп: сот жүйесіндегі ашықтық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті Облыстық соттың, сондай-ақ қала мен аудандардың жергілікті соттарының қызметкерлеріне түсіндіру дәрісін өткізді. Іс-шараға сот жүйесінің 80-нен астам өкілі қатысты.

Дәріс барысында «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтаудың өзекті мәселелері, әсіресе сот органдарының қызметі тұрғысынан қаралды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері сот шешімдерін қабылдау кезінде жоғары этикалық стандарттар мен ашықтық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту тетіктері, сондай-ақ жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған жаңа заңнамалық бастамалар талқыланды.

«Сот жүйесі заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады және қоғамның тұтастай алғанда құқықтық жүйеге деген сенімі заңның қаншалықты нақты орындалатынына байланысты. Сондықтан соттың әрбір қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзінің жауапкершілігін сезінуі маңызды», — деп қызметкерлердің бірі атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті биліктің барлық деңгейлерінде жемқорлыққа қарсы тиімді күресті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық жүйеге деген сенімін нығайту үшін мемлекеттік органдардың өкілдерімен белсенді жұмыс істеуді жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-abai/press/news/details/966786?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді