Жамбыл орта мектебінің ұжымымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетібай ауылындағы Жамбыл орта мектебінде еліміздің басты құжатына енгізілетін конституциялық реформаларды талқылау мақсатында ұстаздар қауымымен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – жаңарған Ата заңның білім беру саласына беретін мүмкіндіктері мен ғылыми әлеуетті арттыру мәселелері болды.

Кездесу барысында қатысушылардың назары Конституцияның 33-бабына енгізілген маңызды толықтыруларға аударылды.
Бұл өзгеріс ұстаздар мен ғалымдар үшін жаңа құқықтық кепілдіктер мен дамудың даңғыл жолын ашпақ.

Жиында мектеп қабырғасындағы нақты мәселелер де талқыланды. Ұстаздар қауымы білім сапасын арттырудың тетіктерін, бірыңғай білім беру стандарттарын енгізудің тиімділігін және ғылымды мемлекеттік қолдаудың маңызын сөз етті.

Білім ордасының ұжымы реформаның мәнін терең ұғынып, өз ойларын ортаға салды. Педагогтардың айтуынша, Конституция деңгейінде білім мен ғылымның басымдыққа ие болуы — еліміздің интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолындағы стратегиялық жеңісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1170162?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді