
2026 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ф.А.Жұқан қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелері жеткізіліп, қызметтік әдеп қағидалары мен лауазымды адамдардың дербес жауапкершілігі түсіндірілді. Мемлекеттік қызметшілердің ашық, объективті және бейтарап әрекет етуге, мүдделер қақтығысына жол бермеуге, сондай-ақ қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануды болдырмауға міндетті екендігі атап өтілді.
Мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге ерекше назар аударылды. Қызметкерлерге қызметтік әрекеттері үшін сыйлықтар, қызметтер және өзге де материалдық игіліктер алуға тыйым салынатыны, жекелеген ұйымдарға қамқорлық көрсетуге, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға жол берілмейтіні, сондай-ақ жақын туыстардың тікелей бағыныстылықта бірлесіп қызмет атқаруына жол берілмейтіні еске салынды.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін заңнамада көзделген, оның ішінде қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік түсіндірілді.
Осындай іс-шараларды өткізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1170139?lang=kk

Жауап қалдыру