
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ «REFERENDUM CUP» ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ ӨТТІ
Келес ауданында «Referendum cup» атты жүгіру марафоны өтті. Аталған спорттық шара – салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағыттылған. Марафонға 16 жастан жоғары азаматтар қатысып, белгіленген қашықтық бойынша бақ сынасты. Шараға аудан тұрғындары мен жастар атсалысып, жанкүйерлер де спортшыларға қолдау білдірді.
Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. «Referendum cup» марафоны – тек жарыс қана емес, денсаулықты нығайтуға, бірлік пен белсенді өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
ТУРКЕСТАН: В КЕЛЕСЕ ПРОШЕЛ БЕГОВОЙ МАРАФОН “REFERENDUM CUP”
В Келесском районе прошел беговой марафон «Referendum cup”. Данное спортивное мероприятие направлено на популяризацию здорового образа жизни, повышение интереса молодежи к спорту. В марафоне приняли участие граждане старше 16 лет, которые соревновались на установленной дистанции. В мероприятии приняли участие жители района и молодежь, болельщики также выразили поддержку спортсменам.
По окончании соревнований участники, показавшие лучшие результаты, были награждены специальными благодарственными письмами. Марафон “Referendum cup” – это не только гонка, но и важный шаг к укреплению здоровья, формированию единства и активного образа жизни.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1170326?lang=kk

Жауап қалдыру