
«Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Шу ауданында штабтық жиын ұйымдастырылып, көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы қаралды. Штабтық жиын барысында басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтері мен авариялық-құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдері баяндалып, күштер мен құралдарды жедел жұмылдыру, хабарлау, эвакуациялау және халықты қорғау бойынша әрекеттер тәртібі көрсетілді. Сонымен қатар, шартты түрде су тасқыны жағдайы енгізіліп, жауапты қызметтердің іс-әрекет ету алгоритмдері тәжірибелік түрде пысықталды. Азаматтық қорғау құрылымдарының өзара іс-қимылы, басқару шешімдерін қабылдау тәртібі, сондай-ақ жедел әрекет ету күштерінің дайындығы тексерілді. Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтерінің материалдық-техникалық жабдықталуы, жеке құрамның дайындығы және төтенше жағдай кезінде жедел әрі үйлесімді әрекет ету мүмкіндіктері бағаланды.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1170385?lang=kk

Жауап қалдыру