«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су тасқынының алдын алу мақсатында инженерлік-профилактикалық жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, Төле би ауылдық округі аумағында Новотроицк каналының 500 метр бөлігі, сондай-ақ Қонаев ауылындағы ТЛХ-1 каналының 500 метрі тазартылды. Жұмыстарға азаматтық қорғау күштері мен құралдары және арнайы техника жұмылдырылды. Каналдар қоқыстан, қамыстан және шөгінділерден тазартылды. Аталған іс-шаралар су өткізу қабілетін арттыруға, елді мекендерді су басу қаупін азайтуға және паводок кезеңіне қызметтердің дайындығын күшейтуге бағытталған.
Жауап қалдыру