Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің физика-математика факультетінде Жетісу облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Нашақорлық — ғасыр дерті» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.
Кездесу барысында мамандар есірткінің адам денсаулығына және қоғамға тигізетін зияны туралы айтып, оның алдын алу шараларын түсіндірді, сондай-ақ құқықбұзушылықтар үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік жөнінде еске салды. Студенттер диалогқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.
«Ел болашағы — саналы жастардың қолында. Заңға құрмет пен салауатты өмір салты — қателіктен қорғайтын сенімді қалқан», — деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Іс-шара барысында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының нақыл сөзі ерекше мәнге ие болды:
«Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге», — деген өсиет жастарды ар-намысты биік ұстап, білімге ұмтылуға шақырады.
Кездесудің негізгі мақсаты — студенттер арасында нашақорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және Жетісу облысында заңға бағынатын қоғам қағидаттарын нығайту.
#законипорядок #заңментәртіп #есірткігежолжоқ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1170451?lang=kk

Жауап қалдыру