
Бүгін Байзақ ауданының әкімі Олжас Елебекұлының қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындардың көкейінде жүрген өзекті сұрақтарға тұшымды жауап беріп, бірқатар мәселелердің шешу жолдарын түсіндірді.
Жиын барысында Қостөбе ауылдық округінің әкімі Мұхтар Сырлыбайұлы 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беріп, 2026 жылға жоспарланған жобалар мен бастамаларға кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, алдағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ашық әрі мазмұнды өткен жиынға қатысқан барша ауыл тұрғындарына алғыс білдіреміз.орысшасын

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-kostobe/press/news/details/1170472?lang=kk

Жауап қалдыру