
Республикалық референдум қарсаңында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыру аясында аудандық мәслихат төрайымы А.С. Асанова «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Р.Е Тлеуппен бірлесіп Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымымен кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық реформалардың негізгі бағыттары жан-жақты таныстырылды. Спикерлер Ата заңға енгізілуі ұсынылып отырған өзгерістер туралы баяндап, түзетулердің елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына, сондай-ақ азаматтардың күнделікті өміріне ықпалы жөнінде түсіндірме берді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, алдағы референдумға қатысты пікір алмасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/1170536?lang=kk

Жауап қалдыру