Жібек жолы ауданының әкімі №2 округ тұрғындарымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова №2 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесті.

Жиын барысында әуелі округтің бас инспекторы Жарас Алтынбеков атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Былтыр аудан аумағында бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Мердігер мекеме – «Алматы Техпром Строй» ЖШС тарапынан 17 саяжай мен 3 шағын аудандағы 100 көшеге қиыршық тас төселді.

«ЖамбылДорСтройСервис» ЖШС мердігерлігімен «Қызыл-Абад» алқабына қарасты Ынтымақ, Оқжетпес, Телқоныр, Сығанақ, Қарқаралы, Қазығұрт, Сайгүлік, 1-ші бұрылыс Бекеев, Аягөз, Ханжайлау, 2-ші бұрылыс Ханжайлау, Байғазы көшелеріне жаяу жүргіншілер жолымен бірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Келесі кезекте тұрғындар тарапынан көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, қураған талдарды кесу және өзге де әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Кездесуді қорытындылаған Қарлығаш Әмірқызы әрбір мәселе жоспарға сай, заң аясында өз шешімін табатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1170512?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді