«Личные границы» жобасы аясындa

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Личные границы» жобасы аясында @pvl.adilet.gov.kz-пен бірлесіп ұйымдастырылған буллинг мәселесіне арналған кездесуі өткізілді.

Кездесудің спикері ретінде адвокат Сариева Камила Амангельдинқызы сөз сөйлеп, буллингке қарсы іс-қимылға бағытталған заңнамалық нормалар туралы баяндады. Әңгіме барысында қатысушылар құрбандардың құқықтық қорғалу аспектілерін және заңдық көмекке жүгіну жолдарын қарастырды.

Кездесу барысында буллингтің нақты жағдайлары мен оның салдарын көрсететін бейнеролик ұсынылды. Қатысушылар видеоны талқылап, буллингтің психологиялық жарақаттарға қалай әкелетінін сөз етті және уақытында араласудың маңыздылығын атап өтті.

Ерекше назар көмек көрсету және қорғау механизмдеріне аударылды, соның ішінде білім беру мекемелері, ата-аналар және қоғамдық ұйымдар тарапынан қолдау көрсету жолдары қарастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/967122?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді