
Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Ахметов “Көктем-2026” Республикалық командалық — штабтық оқу-жаттығуына қатысып, 2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығымен танысты.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты техниканың, күштер мен құралдардың дайындығын тексеру және арттыру, сондай-ақ су басуға бейім елді мекендердегі тасқын сулардың салдарын барынша азайту болып табылады.
Іс-шара барысында қызметтердің өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталды, ден қою жоспарлары нақтыланды және ықтимал төтенше жағдайларға жауапты құрылымдардың дайындық деңгейіне бағалау жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1171525?lang=kk

Жауап қалдыру