
Жыл сайын 1 наурызда елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі. Мереке аясында “Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды.
2026 жылдың 27 ақпанында «ISTAMBUL CAFÉ» осы жақсы мерекеге арналған қайырымдылық түскі асын өткізді. Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын 15 мүгедектігі бар баланы әдемі және жайлы интерьер кафесінде қарсы алды.
Ағымдағы жылдың 2 наурызында “Әлем Синема” кинотеатрында 65 мүгедектігі бар балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға арналған “Үлкен арман” мультфильмінің тегін көрсетілімі көрсетіледі.
2 мүгедектігі бар адамдар қатарындағы мұқтаж азаматтарға жартылай фабрикаттардан жасалған азық-түлік жиынтықтары табыс етілді.
Мерекелік іс-шараларды өткізуге көрсеткен көмегі үшін жеке кәсіпкер А.О.Арымбековаға (“ISTAMBUL café”) және жеке кәсіпкер М.Б.Аймағанбетовке (“Әлем Синема” кинотеатры) алғысымызды білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-balhash/press/news/details/1171687?lang=kk

Жауап қалдыру