СЕМЕЙДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙ ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық сарайында білім беру саласының қызметкерлерімен Жаңа Конституция жобасына арналған мазмұнды кездесу өтті. Басқосу «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы аясында ұйымдастырылды.

Жиынға Абай облысы мәслихатының төрағасы, өңірлік коалиция жетекшісі Шалқар Байбеков және коалиция мүшелері қатысып, қызметкерлермен ашық форматта пікір алмасты. Кездесу барысында 15 наурызда өтетін республикалық референдумның мәні, Конституция жобасына енгізілетін өзгерістердің мазмұны мен олардың қоғам дамуына ықпалы кеңінен талқыланды.

Шалқар Байбеков жалпыұлттық референдум өткізу туралы Мемлекет басшысының Жарлығының маңызын атап өтті. Коалиция мүшелері конституциялық реформаның мазмұнына әр қырынан тоқталды. Ардагерлер кеңесінің өкілі Мұрат Алин, Семей қаласының құрметті азаматы Зейнолла Тоқаев, облыстық мәслихат депутаттары Рафаиль Хазипов, Марат Құрманбай, Мерей Қарт және «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығының директоры Ұлан Сағадиев өзгерістердің тарихи және құқықтық маңызын тарқатты.

Сонымен қатар жиында Конституцияның 8, 16, 33-баптарына енгізілетін өзгерістерге тоқталып, адам құқығын қорғау, білім алу мүмкіндігін кеңейту бағытындағы нормалар мәні түсіндірілді. Жиын соңында ұжым өкілдері пікір білдірді. Кездесу еркін сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар Конституция жобасының негізгі бағыттарына қолдау білдірді.

 

Абай облысы мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1171686?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді