Марокко мен Қазақстан арасында медиа саласындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Саулекүл Сайлауқызы Марокконың Ұлттық хабар тарату және теледидар компаниясының, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, Марракеш халықаралық кинофестивалі қорының Атқарушы вице-президенті Файсал Лараишимен кездесті.

Кездесуде тараптар соңғы жылдары Қазақстан мен Марокко арасындағы байланыстардың нығайып келуін атап айтты. Осы ретте, Ф.Лараиши марокколықтар Қазақстан, оның туристік әлеуеті мен экономикалық жетісіктері, елдегі өзгерістер, оның ішінде конституциялық реформалар мен өтетін республикалық референдум туралы білуге құштарлықтары артуда екеніне назар аударды.

С. Сайлауқызы кабельдік, спутниктік және интернет телевизия операторларының желілерінде екі елдің мәдениеті, салт-дәстүрі, әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы бағдарламалар таратуды ұйымдастыру мәселесін көтеріп, ақпараттық салада бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.

Тараптар спорт және фильм салаларындағы байланыстарды кеңейту перспективалары бойынша да ой-пікірлерімен бөлісіп, осы салаларда байланыстарды кеңейту үшін мүмкіндіктер жоғары екенін атап, бұл бағытта да бірлескен бастамаларды ілгерілетуге уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1171695?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді