Спорт саласындағы жекелеген бағыттар бойынша бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиторлық іс-шарасының қорытындылары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 31 наурызда облыстық мәслихат депутатының және мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен спорт саласындағы жекелеген бағыттар бойынша бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиторлық іс-шарасының қорытындыларын қарау жөніндегі тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Аудитпен жалпы сомасы 17 498,1 млн.теңге бюджет қаражаты қамтылды.

Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы нормаларының 4 914,6 млн.теңге сомасына немесе қамтылған қаражат сомасының 28,1% – на бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

1) 662,4 млн.теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар;

2) 2 291,0 млн.теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау;

3) 1 961,6 млн.теңге сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану.

Бұдан басқа, 59 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 3 бірлік жүйелік кемшіліктер.

Бұзушылықтардың жалпы сомасы 4 914,6 млн. теңгесінен 662,4 млн.теңге өтелуге/қалпына келтіруге жатады, оның ішінде 29,7 млн.теңге өтелді, 607,6 млн.теңге қалпына келтірілді. 

Аудит қорытындысы бойынша аудит объектілерінің лауазымды тұлғалары тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomabay/press/news/details/967197?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді