ТЖМ басшысы Жетісу облысында алғашқы әмбебап құтқару бөлімшесін ашты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Талдықорған қаласында алғашқы әмбебап құтқару бөлімшесін салтанатты түрде ашты. Бөлімше ТЖМ өрт сөндірушілері мен Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлерін біріктірді, бұл қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуіне және кез келген төтенше жағдай кезінде халыққа жылдам көмек көрсетуіне мүмкіндік береді.

  «Бүгін біз заманауи жедел әрекет ету кешенін ашып отырмыз. Өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлерін бір базаға біріктіру зардап шеккендерге жедел көмек көрсетуді қамтамасыз етеді және қызметтердің тиімділігін арттырады. Біз азаматтық қорғау жүйесін жаңғырту курсын жүйелі түрде іске асырып келеміз, осындай кешендер еліміздің барлық өңірлерінде болуы тиіс, ал Талдықорған бұл жүйелі жұмыстың айқын мысалы болып табылады», — деді министр.

  40 жылдан астам уақыт бойы толыққанды жауынгерлік бөлімше ретінде жұмыс істемеген бөлімше толықтай жаңартылды. Ғимаратта техникаларға арналған заманауи бокстар, әкімшілік және тұрмыстық үй-жайлар, оқу сыныптары, демалыс , асхана мен душ бөлмелері жабдықталған. Жеке құрам үшін спорт алаңы, шағын футбол алаңы және воркаут аймағы қарастырылған, бұл олардың дене даярлығы деңгейін жоғары деңгейде ұстауына мүмкіндік береді.

  Ашылу рәсімі аясында ведомство басшысы өңірдің азаматтық қорғау жүйесін нығайтудағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, ТЖД қызметкерлеріне және жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан барлық тұлғаларға ведомстволық наградаларды табыс етті. Кәсібилігі мен өңірдің қауіпсіздік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін жобаға ерекше үлес қосқан қызметкерлер мен қатысушыларға облыс әкімдігі атынан алғыс хаттар берілді.

  ТЖМ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи, мобильді және тиімді жүйесін қалыптастыра отырып, еліміздің объектілерін жүйелі түрде жаңғыртуды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1171820?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді