
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН АЛАЯҚТЫҚ КӨБЕЮДЕ
Қазіргі уақытта алаяқтар жасанды интеллект (AI) технологияларын пайдаланып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануда:
🔹 Танысыңыздың даусын пайдаланып қоңырау шалу
🔹 Бейнесін қолдан жасап (deepfake) видео жіберу
🔹 Жалған фото, құжат, чат хаттарын құрастыру
🔹 Әлеуметтік желіде жалған аккаунт ашу
⚠️ Есіңізде болсын:
• Ақша сұраған кез келген қоңырауды қайта тексеріңіз
• Дауыс таныс болса да, жеке байланыс арқылы нақтылап алыңыз
• SMS-код, банк картасы деректерін ешкімге бермеңіз
• Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз
Егер алаяқтық белгілерін байқасаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.
🔐 Цифрлық қауіпсіздік – өз қолыңызда!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1171866?lang=kk

Жауап қалдыру