Қазақстан Республикасындағы заманауи дезинфекцияның өзекті мәселелері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін департамент мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» РМК жанындағы «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМК филиалының ұйымдастыруымен ZOOM жүйесі арқылы «Қазақстан Республикасындағы заманауи дезинфекцияның өзекті мәселелері» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Семинарға СЭБД эпидемиолог дәрігерлері, дезинфекциялық дәрігерлер, ҰСО филиалдары мен дезинфекциялық іс-шаралармен айналысатын жеке ұйымдардың энтомологтары қатысты.

Іс-шара барысында медициналық ұйымдарда қолданылатын дезинфекциялық құралдарға қойылатын заманауи талаптар, аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында дезинфекциялаудың өзекті мәселелері, обаға бейім аймақтарда алдын алу шаралары (дезинсекция, дератизация), дезинфекциялау құралдарын дезинфекциялық зерттеу, бағалау критерийлері және профилактикалық медицинадағы маңызы, жұқпалы аурулар ошақтарында қорытынды дезинфекцияны ұйымдастыру және Алматы қаласы бойынша дезинфекция, дезинсекция, дератизация мәселелері талқыланды.

Семинар сұрақ-жауап форматында аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/967244?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді