
Ауылдық округ әкімдігі баршаңызды 1 Наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн – алғыс пен ризашылықтың, бірігу мен татулықтың белгісі. Ол біздің бір-бірімізге көмектесу, жақсылық жасау және мейірімділік көрсету қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді. Әркімнің өмірінде жақсылық пен қамқорлықтың ерекше маңызы бар екенін еске салатын бұл күн, адамгершілік пен ізгілікке толы қоғам құруға бағытталған маңызды мереке болып табылады.
Алғыс айту күні – біздер, ауыл тұрғындары, бір-бірімізге шынайы ризашылығымызды білдіріп, мейірімділік пен үйлесімге ұмтылуымыздың айғағы. Баршаңызға бейбіт өмір, береке-бақыт және зор табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/1171903?lang=kk

Жауап қалдыру