ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшақ экипажы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданынан жаңа туған баланы анасымен бірге облыс орталығына жедел жеткізу үшін рейс орындады. Ұшақта медициналық қызметкерлер де болып, баланы қадағалады.
Ұшқыштардың кәсібилігі мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті. Сәби медициналық мекемеге жеткізіліп, мамандардың бақылауына берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1171902?lang=kk

Жауап қалдыру