ШАРДАРАДА «ЖАСӨСПІРІМ» ШАРАСЫ: БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Республика көлемінде ағымдағы жылдың 28 ақпаны мен 2 наурызы аралығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы (ЖПІШ) ұйымдастырылуда. Іс-шараның негізгі мақсаты:
• Жасөспірімдер тарапынан және оларға қарсы жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу;
• Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде және ойын-сауық мекемелерінде жүрген балаларды анықтау;
• Қолайсыз отбасыларды және бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналарды есепке алу.
Рейдтік жұмыстар:
Шардара ауданы полиция бөлімінің ювеналдық полиция инспекторлары аталған күндері күшейтілген режимде қызмет атқарады.
Рейд барысында:
• Ойын-сауық орталықтары, кафелер мен интернет-клубтар;
• Саябақтар, аулалар мен жасөспірімдер жиі жиналатын орындар мұқият тексеріледі.
Ата-аналар назарына:
Полиция ескертеді: сағат 23:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүруіне тыйым салынады. Заң талаптарын бұзған жағдайда ата-аналар ҚР ӘҚБтК-нің сай әкімшілік жауапкершілікке қарастырылған.
Шардара аудандық полиция бөлімі
#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ #ЗАҢМЕНТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1171916?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді