
Маңғыстау облысы аумағында Жедел басқару орталығының (ЖБО) бейнебақылау камераларының көмегімен қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған бірнеше жүргізуші анықталды.
Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы негізінде әкімшілік хаттамалар толтырылды.
ӘҚБтК-нің 593-бабы көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпауы немесе жолаушылардың қауіпсіздік белдігін тағуын қамтамасыз етпеуі үшін жауапкершілікті көздейді.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Қауіпсіздік белдігін тағу – өз өміріңіз бен жолаушылардың қауіпсіздігін қорғаудың ең тиімді әрі міндетті шарасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1171983?lang=kk

Жауап қалдыру