Қар тазалау және жол қауіпсіздігі бойынша жұмыстар күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан аумағында қалыптасқан қолайсыз ауа-райына байланысты елді мекеннің ішкі жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазарту, сондай-ақ жолдарға тұз аралас құм себу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Коммуналдық қызметтер тарапынан көше жолдарындағы көлік қозғалысы мен тұрғындардың қауіпсіздігіне ерекше мән берілуде. Осыған сәйкес, қажетті техника мен жұмысшылар тартылып, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ бұл шаралар аудан әкімінің тұрақты бақылауында. Құрметті аудан тұрғындары! Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік жүргізу кезінде жылдамдықты асырмауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1172102?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді