
Халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай оқушылармен «Жамбыл – халық жыршысы» атты әдеби кеш өткізілді.
Шараның мақсаты – жас ұрпаққа Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ұлттық поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдеби кеш барысында Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы бейнеролик көрсетіліп, ақынның қазақ әдебиетіндегі орны жөнінде кең көлемде ақпарат берілді. Сонымен қатар, Жамбыл Жабаевтың өмірі мен қызметіне байланысты сұрақтар қойылып, оқушылар белсенді түрде жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды.
Кеш аясында оқушылар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, жырларындағы елдік, ерлік пен отансүйгіштік рухты жеткізе білді. Іс-шара танымдық әрі тәрбиелік мәнге ие болып, оқушылардың әдеби мұраға деген құрметін арттыруға ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1172359?lang=kk

Жауап қалдыру