
Талқылауға Ақмола облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалы мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері қатысты.
Айнагүл Мусина бақылау сатып алу шеңберінде іріктелген өнімді зерттеу барысында туындайтын негізгі қиындықтарға егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, зертханалық сынақтарды жүргізуге байланысты мәселелер, алынған нәтижелердің дәлдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ осы процесті құқықтық реттеу жайы қозғалды.
Талқылаудың басты тақырыптарының бірі сынамаларды жеткізу логистикасына, зерттеу түрлеріне және талдау жүргізу мерзімдеріне қатысты мәселелер болды.
Кеңеске қатысушылар зерттеу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі кідірістер өнімнің белгіленген талаптарға сәйкессіздігін уақтылы анықтауға айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша өнімді іріктеу және зерттеу процесін бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/967337?lang=kk

Жауап қалдыру