
Құқық қорғау институтының кеңсесінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Эдуардс Стипрайс.
Кездесу барысында тараптар адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамыту мен құқықтық ағарту бағытындағы әріптестіктің перспективаларын талқылады.
«Қазақстан үшін Еуропалық Одақпен ынтымақтастық – адам құқықтарын қорғау саласындағы басым бағыттардың бірі. Біз озық халықаралық тәжірибені ұлттық құқық қорғау жүйесіне енгізуге және тиімді тәжірибе алмасуға ерекше мән береміз», – деп атап өтті Артур Ластаев.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/967340?lang=kk

Жауап қалдыру