1 наурыз – Алғыс айту күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 наурыз – еліміз үшін ерекше мағынасы бар мереке – Алғыс айту күні. Бұл күн – бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп, сыйластық пен татулықты нығайтатын маңызды сәт. Бұл мереке Қазақстан халқының бірлігі мен достығын айқындайды. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Осындай бейбіт өмір мен келісім үшін біз ең алдымен бір-бірімізге, ата-анамызға, ұстаздарымызға, достарымызға алғыс айтамыз. Осы мереке қарсаңында ауылымызға еңбегі сіңген Масакпаева Нурсулу Рамазановна, Кун Ольга Владимировна, Вышебаба Вера Сергеевна тұрғындарын мерекемен құттықтадым. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, алдағы жоспарлар мен өзекті мәселелер қозғалды. Тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін ашық айтып, мазмұнды сұхбат өрбіді. Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынды.
Әрбір бастама мен қолдау үшін баршаңызға алғыс білдіремін. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз арта берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-akkudyk/press/news/details/1172936?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді