
Қызылорда облысында Полиция органында қызмет атқарып келе жатқан әйелдердің арасында өзінің адалдығы мен кәсібилігімен ерекшеленген мамандардың бірі – қалалық полиция басқармасының Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Ерболат Айгерім. 2009 жылы Ішкі істер органдарында еңбек жолын бастаған Ерболат Айгерім Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының хатшылық тобының маманы ретінде бастап, ювеналды полиция инспекторы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы және аға инспектор лауазымдарын атқарды. Қазіргі таңда ол Полиция басқармасының Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы ретінде қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бар күш-жігерін жұмсап келеді. Ерболат Айгерім үшін қызмет пен отбасы әрдайым үйлесімде. Төрт баланың қамқор анасы ретінде ол кәсіби міндеттерін отбасының жылуымен ұштастыра біледі. “Шаңырақ – тірегім, ал қызмет – парызым” деген ұстаным оның өмірі мен қызметіндегі басты қағидаға айналған. Оның қызмет жолы – әйелдердің қоғамдық қауіпсіздік саласындағы үлесін айқындайтын жарқын үлгі. Көп жылғы тәжірибесі кәсібилік, төзімділік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті. Ерболат Айгерімнің өмірі мен еңбек жолы жастар үшін үлгі болып, қоғамға қызмет ету мен өз міндеттеріне адал болудың маңыздылығын көрсетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1173200?lang=kk

Жауап қалдыру