
Мемлекеттік қызмет — абыройлы міндет, ол жауапкершілікті, шыдамдылықты және жоғары сауаттылықты талап етеді. Осындай қасиеттерді бойына сіңіріп, қызметін абыроймен атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілердің бірі — Шыңғырлау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Абакова Асем Қадырбекқызы.
Абакова Асем Қадырбекқызы Мұратсай ауылы, Батыс Қазақстан облысы аумағында дүниеге келген. Батыс Қазақстан медициналық колледжін тәмамдап, гигиенист-эпидемиолог мамандығын алған.
Еңбек жолын медицина саласында бастап, кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде түрлі жауапты лауазымдарда еңбек етті. Қазіргі уақытта Шыңғырлау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы қызметін атқарады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін облыстық департамент басшылары мен аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1173236?lang=kk

Жауап қалдыру