«ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспар аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Сауран ауданы әкімдігіне қарасты білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Онда «Бала туу, қамқоршылық және бала тәрбиелеу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көтерілген мәселелер бойынша толыққанды жауаптар берілді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті әзірлеген ақпараттық-танымдық брошюралар таратылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, электрондық қызметтерді пайдалану мүмкіндіктері, сондай-ақ шағымдану тетіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1173463?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді