ШҚО-да биыл жарақаттану деңгейі 12,5 пайызға төмендеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындарында 128 жазатайым оқиға тіркеліп, 143 адам зардап шекті. Бұл ретте қаза болғандар саны 17,6 %-ға төмендеп, 14 адамды құрады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Кизатов хабарлады.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің басым бөлігі тау-кен металлургия саласы мен бюджеттік ұйымдардың үлесіне тиесілі. Өндірістік жарақаттанудың негізгі себептері — жұмыстарды ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыз деңгейі (36 %), қызметкерлердің өрескел абайсыздығы (34 %) және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы (11 %).

Ең көп оқиға Өскемен мен Риддер қалаларында тіркелген.

Жыл ішінде 402 тексеру жүргізіліп, 512 заңбұзушылық анықталды, олардың 78 %-ы жойылды. 123 қылмыстық іс қозғалып, бес лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Қаза болғандардың отбасыларына 88,8 млн теңге көлемінде өтемақы төленді.

2026 жылдың қаңтар айында өңірде өндірісте өлім жағдайлары тіркелмеді, ал жарақаттану деңгейі тағы 12,5 %-ға төмендеді.

Дереккөз: ӨКҚ

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1173508?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді