Орталық Азиядағы, Оңтүстік Кавказдағы және Каспий өңіріндегі адамдардың ұтқырлығы мен климаттың өзгеруі мәселелері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті басқармасының басшысы Ш. Тастемирова Орталық Азиядағы, Оңтүстік Кавказдағы және Каспий өңіріндегі адамдардың ұтқырлығы мен климаттың өзгеруі мәселелеріне арналған жоғары деңгейдегі панельдік сессия шеңберінде талқылауға қатысты.
Сессияға табиғат қорғау ведомстволарының өкілдері қатысты, онда қатысушылар ағымдағы сын-қатерлерді, ұлттық саясатты, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Өңір елдері, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестіктің маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/885596


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді