Назар аударыңыз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылша – бұл вирустар тудыратын жұқпалы ауру. Ол қан тамырларының қабырғаларын зақымдап, әртүрлі қабыну ауруларын туындатады. Ауру көбінесе күзгі-қысқы кезеңде, яғни «ЖРВИ мен тұмау» маусымы басталған кезде тіркеледі.

Қызылша – арнайы, нақты емі жоқ жұқпалы инфекция.

Қызылшаның белгілері:
Алдымен ұрттың ішкі бетінде ұсақ ақ дақтар пайда болады. Бұл – науқаста қызылша бар екенінің негізгі белгілерінің бірі. Сыртқы белгісі – терідегі бөртпе.

Аурудың бірінші күні бөртпе көбіне беттен басталады. Қанда вирус мөлшері көп болған жағдайда, бөртпе дақтары бір-бірімен қосылып кетуі мүмкін. Кейін бөртпелер біртіндеп төмен қарай – денеге, санға, арқаға, бел аймағына таралады.

Аурудың 3–4-күні бөртпе қол мен аяқ саусақтарына, тізеге дейін жетеді. Бұл – қызылшаны қызамықтан ажырататын негізгі белгілердің бірі. Қызамық кезінде бөртпе бір мезгілде бүкіл денеге шығады.

Аурудың инкубациялық кезеңі, яғни сыртқы белгілері айқын байқалмайтын уақыт, жеткілікті түрде ұзақ – 10 күннен 21 күнге дейін. Адам осы кезеңнің соңында және бөртпе шыққан алғашқы төрт күнде аса жұқпалы болып саналады, себебі вирус жоғарғы тыныс жолдары арқылы сыртқы ортаға бөлінеді. Кейін ауру ағзаның ішіне өтіп, қан айналым жүйесі арқылы таралады. Вирустың бар-жоғы қан талдауы арқылы анықталады. Аурудан қорғанудың негізгі жолы – вакцинация және вакцинациядан кейін қалыптасатын жақсы иммунитет.

Қызылша көбіне балалар ауруы деп есептеледі. Алайда ересектер де ауыруы мүмкін, егер олар бұрын тек бір рет қана екпе алған болса, себебі вакцинаның бір дозасы ұзақ мерзімге толық қорғаныс бермейді. Сондықтан вакцинаның екінші дозасын алу қажет.

Құрметті азаматтар, вакцинациядан қорқудың және одан бас тартудың қажеті жоқ. Вакцинация ешқашан зиян болған емес! Ол аурудың өршуі мен жаппай таралуының алдын алуға көмектеседі. Себебі жаппай сырқаттану кезінде ауру ауыр асқынуларға әкеліп, мүгедектікке, тіпті өлімге де себеп болуы мүмкін.

Вакцинация мәселелері бойынша «Қамысты аудандық ауруханасы» КМК-ға жүгінулеріңізге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1173867?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді