«Спорт рухты шыңдайды, ал бос жүру әлсіз мемлекет қалыптастырады» — бұл ой бүгін ерекше өзектілікке ие. Осындай ұранмен Талдықорған қаласында колледж студенттері арасында «Спорт есірткіге қарсы» атты армрестлингтен чемпионат өтті.
Іс-шараның бастамашылары әрі белсенді ұйымдастырушылары — Жетісу облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері. Олардың мақсаты — тек спорттық қозғалысты қолдау ғана емес, жастар арасында берік азаматтық ұстанымды қалыптастырып, денсаулық пен рух мықтылығын саналы түрде таңдауға үндеу.
Жарысқа өңірдегі сегіз колледж командасы қатысты. Армрестлинг үстелінде нағыз тартысты бәсеке өрбіді: әр белдесу қатысушылар үшін мінездің, төзімділік пен жеңіске деген жігердің сын сағатына айналды. Жанкүйерлердің қолдауы, командалық рух пен шеберлікті дәлелдеуге деген ұмтылыс бірлік пен салауатты бәсекелестік атмосферасын қалыптастырды.
Чемпионат қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 I орын — Жоғары политехникалық колледж
🥈 II орын — Талдықорған индустриялық колледжі
🥉 III орын — Талдықорған жоғары медициналық колледжі
Жеңімпаздар 🏆 кубокпен, медальдармен және алғыс грамоталарымен марапатталды. Дегенмен, жарыстың ең басты жетістігі — тұғырдағы жеңіс қана емес, спорттың зиянды әдеттерге балама екенін және мықты қоғамның берік іргетасы екенін терең түсіну болды.
Мұндай іс-шаралар күшті әрі салауатты ұрпаққа бастар жол әрбір жастың жеке таңдауынан басталатынын дәлелдейді. Ал сол таңдауды қолдайтын тәлімгерлер, жаттықтырушылар және полиция қызметкерлері жанында болғанда, болашақтың келбеті нық әрі жарқын болары сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1174013?lang=kk

Жауап қалдыру