КОМИССИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Комитет төрағасының м.а. А. Аубакировтың 2026 жылғы 16 ақпандағы №37-НҚ бұйрығын орындау шеңберінде Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы бірінші кезектегі каналдарды реконструкциялау бойынша атқарылған жұмыстарға аралық тексеру жүргізу үшін комиссия құрылды.

Комиссия құрамына Су шаруашылығы комитетінің өкілдері, мердігер ұйым, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының қызметкерлері, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалау өкілдері кірді.

Тексеру барысында ауданның 13 каналында жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралды.

Инспекция қорытындысы бойынша жоспарланған жұмыстарды уақтылы әрі сапалы аяқтауға қатысты нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/komwater/press/news/details/1174062?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді