
🌐 Бүгінде өңірлерді басқару деректер мен цифрлық құралдарсыз мүмкін емес. Жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері үшін мемлекеттік деректерге, аналитикаға және жедел әрі дәл шешімдер қабылдауға көмектесетін AI-ассистенттерге қолжетімділігі бар цифрлық жұмыс орнын құру міндеті қойылып отыр.
БҰҰ Даму бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қолдауымен әкімдердің цифрлық кабинетін жобалауға арналған стратегиялық сессия өткізілді.
Біз Smart City бағытындағы жекелеген шешімдерден ауылдық аумақтарды қоса алатын «ақылды өңірлердің» кешенді моделіне көшеміз. Жасанды интеллект жылындағы тиімді басқаруға арналған тұтас цифрлық құрал – оның басымдығы болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1174098?lang=kk

Жауап қалдыру