Қарағандыда Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартеттің концерті өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды тұрғындары мен қала қонақтарын 14 наурыз күні сағат 17:00-де өтетін Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартеттің концертіне шақырады. Музыкалық кеш Amanat партиясының ғимаратында (Әлиханов көшесі, 4) ұйымдастырылады.

Концерт бағдарламасына романтизм дәуірінің көрнекті туындылары енген. Көрермен назарына Роберт Шуманның ішекті квартеті, ор. 41, №1, Антон Веберннің Rondo және Langsamer Satz шығармалары ұсынылады. Сонымен қатар заманауи канадалық композитор Дэвид Брейдтің Five Kazakh Impressions композициясы орындалады. Классикалық шығармалармен қатар қазақ даласының әуендік бояуын айшықтайтын Әбілқайыр Сағымбаевтың «Елімай» тақырыбына фантазиясы шырқалады.

1988 жылы негізі қаланған ұжым елдің музыкалық мәдениетінде өзіндік орны бар кәсіби ансамбль ретінде танылды. Квартеттің шығармашылық жетістіктері мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, ол «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына және «Ерен еңбегі үшін» үкіметтік наградасына ие болды.

Ұжымның көркемдік жетекшісі — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев (виолончель). Ол 1996 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған және квартет құрылған күннен бастап оның тұрақты мүшесі.

Айдар Тоқталиев (бірінші скрипка) — халықаралық скрипкашылар байқауының лауреаты, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының түлегі. Ансамбль құрамында 2002 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Алексей Лебедев (екінші скрипка) — халықаралық байқаулардың лауреаты, Н. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясының түлегі. Квартет құрамына 2008 жылы қосылған.

Бекзат Сайлаубайұлы (альт) — халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған. Ұжым құрамында 2014 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1174195?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді