✅ Жетісуда Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, еске алу шарасы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✅ Жетісуда Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, еске алу шарасы өтті.

🎼 Бүгін Талдықорғанда қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті. Н. Тілендиев атындағы музыка мектебінің алдында өнер саңлағының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, оның музыкалық шығармалары орындалды.

▶️ Облыс басшылығының атынан еске алуға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов көпшілікті мерейтоймен құттықтап, ЮНЕСКО 2025 жылды Нұрғиса Тілендиев жылы деп жариялағанын, сондықтан бұл мерейтойдың дүниежүзілік мәнге ие болғанын атап өтті:

✔️Ескерткіштің маңында Талдықорған балалар көркем сурет мектебі оқушыларының сурет салу пленэрі ұйымдастырылып, жас суретшілер дәулескер күйші-композитордың бейнесін қағаз бетіне түсірді. Сонымен қатар Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының «Жетісу виртуозы» ансамблі шағын концерт қойып, Н.Тілендиевтің шығармаларын орындады.

☝🏼 Еске салсақ, бүгін Б.Римова атындағы драма театрында Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның Мұқан Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі жүз жылдық мерейтойға орай «Өз елім» атты концерт өткізеді. 👏🏼

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-tastobe/press/news/details/967523?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді