
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде:
«Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту – біздің басты міндетіміз», – деп атап өткен болатын. Осы бағытта елді мекендер арасындағы көлік қатынасын дамыту және тұрғындардың қозғалысын жеңілдету мақсатында «Құрық – Жетібай» бағытындағы жаңа маршрут іске қосылды. Бұл бағыт Жетібай, Мұнайшы, ст. Жетібай және Құрық елді мекендерін қамтиды.
⚜️Салтанатты ашылу сәтіне аудан әкімі Сымбат Төретаев, Жетібай, Мұнайшы ауылдарының ардагерлері, ауыл әкімі, «CaspianTransCorporation» ЖШС өкілі қатысып, ақжарма тілектерін білдірді.
– Аудан тұрғындарының жүріп-тұруын жеңілдету мақсатында Жетібай – Ақтау, Мұнайшы – Ақтау, Жетібай – Мұнайшы – ст. Жетібай, Құрық – ст. Қарақия – Маңғыстау жері бағыттарында қоғамдық көліктер іске қосылды. Бұл – тек бастамасы. Алдағы уақытта қатынас құралдарын жетілдіріп, халыққа барынша тиімді жағдай жасалады. Сонымен қатар, Құрық – Жетібай бағытындағы тас жолдың құрылысы аяқталып, аудан орталығына қатынау әлдеқайда ыңғайлы болды. Баршаңызды көптен күткен осы қуанышты жаңалықпен құттықтаймын! – деді аудан әкімі Сымбат Қуанышұлы.
⚜️Жаңа бағыттағы қоғамдық көлік пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылды. Жолақысы ересектерге – 300, балаларға – 150 теңгені құрайды. Бастапқы да қоғамдық көлік күніне 3 рет кестеге сай қозғалады.
⚜️Аталған шаралар халықтың күнделікті тұрмысын жақсартуға және елді мекендер арасындағы көлік қатынасын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/967530?lang=kk

Жауап қалдыру